Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды

26.11.2020
Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды. 820 адам вирус жұқтырған. Оның 164-і Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Солтүстік Қазақстан облысында - 114 және Павлодар облысында 110 адамнан вирус анықталды. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 128400-ге жеттi. 

Соңғы тәулікте 417 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Елдегі COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 114821. Қайтыс болғандар - 2008.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 571 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 710 бала бар. 210 науқастың жағдайы ауыр.

COVID-19 белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 168 жағдай тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 41595 адам пневмонияға шалдыққан. 30289 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 434.

коронавирус статистика ДСМ

Хабарламаларға жазылу