Қазақстанда шетелден келген 400 адам карантинге жатты
Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы халықаралық әуежайлар жаңа күшейтілген карантин талабына сай жұмыс істеп жатыр. Жолаушыларға температура өлшеуден бөлек, сауалнама толтыру және ПТР анықтамасын көрсету міндеттеледі. Соған сәйкес қазанның 5-інен 6-сына қараған түні шет елдерден ұшып келген 1200-ден астам адамның 400-і оқшауланды.
Гүлназ Қасымова, Əуе көлігінде жолаушылар мен жүктерді тасымалдау объектілерін қадағалау бөлімінің басшысы:
Осы жерде Қазақстан азаматтарын екі жолға бөлеміз. Анықтамасы бар кісілер мына жерден шектеусіз жіберіледі. Анықтамасы жоқ кісілер мына жерден карантиндік стационарға кетеді.
Ал шетел азаматтары ПТР анықтамасыз Қазақстанға кіре алмайды. Әуе компаниялар елдегі жаңа талап туралы жолаушыларға алдын ала смс хабарламалар таратқан. Қазір Алматы халықаралық әуежайында ақылы түрде сынама тапсырамын дегендер үшін арнайы пункт іске қосылған. ПТР сынама қабылдайтын бөлім тәулік бойы жұмыс істейді.
Нысаналы Ығыл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер
25.09.2026, 11:13
Мәскеуде Қазақстан елшілігі ғимаратындағы Ту төмен түсірілді
25.09.2026, 11:12
Ресей президенті Маңғыстаудағы сарбаздар қазасына байланысты көңіл айтты
25.09.2026, 11:10
Ауруханаға жеткізілген сарбаз есін жинады
25.09.2026, 11:09
Маңғыстаудағы жағдай: Екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды
25.09.2026, 11:08
Бас прокуратура: 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынды
25.09.2026, 11:06
Каспийдегі қайғылы оқиға: Әр лауазымды тұлға қатаң түрде жауап береді
25.09.2026, 11:05
Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды
25.09.2026, 11:03