Қарағандыдағы Ленин даңғылына Абай Құнанбайұлының есімі берілді

06.10.2020

Қарағандыдағы ең үлкен орталық көшелердің біріне Абай Құнанбайұлының есімі берілді. Қазір мұндағы 100-ден астам үйге тақтайшалар ілініп жатыр. Бұл жергілікті тұрғындардың қалауы. Қоғамдық тыңдау өткен кезде халықтың 98 проценті Ленин көшесін Абайға ауыстыруды қолдап, дауыс берген. Бірақ араларында мекенжай тақтайшаларын орнатуға салық төлеушілердің қаржысы кетеді деп қарсы пікір білдіргендер болыпты. Алайда жергілікті кәсіпкер Ерлан Әшім бұл шығынды толық өз мойнына алды.

Құдайберген Бексұлтанов, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы:
Пандемияға байланысты біраз созылып кетті, бірақ бүгін нақты Мәслихаттың шешімі қабылданды. Ол заңды түрде тіркеуден өтті. Бүгінгі күні күшіне алды, Бюджеттен қаражат шығарғанымыз жоқ.

Руслан Нұрланұлы

Қарағанды Абай көшесі

Хабарламаларға жазылу