Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы және кинодраматург Смағұл Елубайды қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы және кинодраматург Смағұл Елубайды қабылдады

12.08.2019

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы, кинодраматург Смағұл Елубайды қабылдады. Кездесуде қазіргі қазақ әдебиетінің жай-күйі мен отандық кино өнерінің дамуы барысы талқыланды. Мемлекет басшысына Абай Құнанбайұлының 175-жылдығын тойлау аясындағы шаралар жөнінде мәлімет берілді. Президент сапалы әдеби туындылар мен кинотуындыларды жарыққа шығарудың маңызды екеніне ерекше тоқталды. 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу