БҚО мен Павлодар облыстарында мектеп оқушыларынан коронавирус анықталды

05.10.2020

Оралдағы бір үйдің екі баласы індетті әкелерінен жұқтырған. Осыған орай балғындармен қарым-қатынаста болған 28 оқушыдан ПТР тест алынып, тексеріледі. Олардың ағзасынан ауру белгілері табылмады. Өз кезегінде мектеп залалсыздандырылып, барлық оқушылар қашықтан білім алуға көшкен. Павлодар облысында коронавирусқа шалдыққан тоғыз оқушы үй карантинінде. Жағдайлары жақсы деп бағалануда. Сонымен қатар, Тереңкөл ауданындағы шағын мектептердің бірінде мұғалімнен вирус анықталды. Онымен байланысқа түскен әріптестері, оқушылар тексеріліп жатыр.

Рауан Диәли


БҚО Павлодар коронавирус

Хабарламаларға жазылу