Өткен тәулікте 794 адам COVID-19 жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 794 адам COVID-19 жұқтырған

13.12.2020

Елімізде өткен тәулікте COVID-19 коронавирусы 794 адамға жұққаны тестпен расталды. Ең көп науқас тағы да Шығыс Қазақстан облысында – 97 адам тіркелген. Ал «қызыл аймаққа» енген Нұр-Сұлтан қаласында: 88. Алматы қаласы, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында көбірек анықталды.   

Тамыздан бері хатталатын пневмония бойынша өткен тәулікте 162 адам тіркелген. 1 адам қайтыс болған. COVID-19 бен оған ұқсас пневмония бойынша екі бөлек берілетін ресми деректерді қоссақ, коронавирус пен оған ұқсас пневмонияға шалдыққандар саны – 185 513, ресми органдардың есебінше, қайтыс болғандар саны - 2552.

Айта кететіні, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитария дәрігері меншік иесіне қарамай, қаладағы барлық мектеп онлайн оқытуға көшуі мүмкін екенін ескертті. Вирус жұқтырған мектеп оқушылары көбейген.


COVID-19

Хабарламаларға жазылу