Өткен тәулікте 1114 адам коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен тәулікте 1114 адам коронавирус жұқтырған

10.06.2021

Енді елдегі эпидахулға келсек. Қызыл аймақта Нұр-Сұлтан қаласы ғана қалды. Ал, Алматы қаласы мен Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында вирустың таралуы орташа болса, қалған өңірлер жасыл аймақта.

Күн сайын індетке шалдыққандар саны да азайып келеді. Кеше 1114 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Вирустық белгілері бар пневмонияға 71 адам шалдыққан. Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 15 адам қайтыс болды. Ал, бүгінге дейін 2 млн 371 мың адам екпе салдырған.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу