COVID-19: «Қызыл» аймақта бірді-бір өңір жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

COVID-19: «Қызыл» аймақта бірді-бір өңір жоқ

14.12.2021

Бүгінде «қызыл» аймақта бірді-бір өңір жоқ. «Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

«Жасыл» аймақта Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Өткен тәулікте 397 адамнан коронавирус анықталды. Ең көп вирус жұқтырғандар саны Қарағанды мен Ақмола облыстарында тіркелген. Жалпы, пандемия басталғалы ел бойынша 980 372 адам індетке шалдықан.


COVID-19

Хабарламаларға жазылу