СҚО-да мектеп оқушыларынан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да мектеп оқушыларынан коронавирус анықталды

25.09.2020
СҚО-да мектеп оқушыларынан коронавирус анықталды

Солтүстік Қазақстандағы мектептерде оқушылардың коронавирус жұқтырып алғаны белгілі болды. «Солтүстік Қазақстанның мектептерінде коронавирус ауруын жұқтырудың 12 жағдайы тіркелді. Індет 8 білім ордасынан және 1 балабақшадан анықталды», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, балалармен байланыста болған адамдардың бәрі 14 күндік карантинге жатқызылған.

Хабарламаларға жазылу