Тынық мұхитында жәндіктер қырылып жатыр

04.10.2020

Тынық мұхитының жағалауы жан-жануарлардың өлексесіне толып барады. Камчатка тұрғындары жағалаудан өлі балық, сегізаяқ, теңіз шаяндарын түсіріп, әлеуметтік желілерге таратқан. Екі апта бұрын Халактыр деп аталатын жағажайға Ресейдің серфингистер құрамасы келген. Денсаулығымыз нашарлағаннан кейін жаттығуды тоқтатуға тура келді, дейді олар. Жергілікті билік неліктен бұндай жағдай болғанын нақты айта алмай отыр. Бірақ судың құрамында фенол екі, мұнай өнімдері төрт есе көбейіп кеткені анықталды.

Қазіргі таңда улы заттар тараған мұхит жағалауының 4 шақырым жері теңіз жануарларының өлекселеріне толып кеткен. Мұнай тасыған танкерден аққан шикізат па, әлде халық айтып отырған әскери полигонның төккен улы заттары ма, белгісіз. Сонымен бұл апат туралы серфингпен айналысатындар мен Камчатка тұрғындары дабыл қаққасын жария болды. Басқа жұртты хабардар еткен билік емес. Билікке келсек, осы күндері Камчатка губернаторы Владимир Солодов бақыт министрлігін құрсақ деген идея көтерген екен. Міне, өзінің бақытты жүзі.    


Тынық мұхиты Камчатка жануар

Хабарламаларға жазылу