Африкада 11 миллион бала аштықтан зардап шегіп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Африкада 11 миллион бала аштықтан зардап шегіп отыр

11.11.2015
Африкада 11 миллион бала аштықтан зардап шегіп отыр
Бұған планетамыздың климатына әсер ететін «Эль-Ниньо феномені» себеп.

Бұл Тынық мұхитының экваториялық бөлігінен жылы толқынды әкеліп, қуаңшылыққа соқтыратын табиғи құбылыс. Бұл туралы ЮНИСЕФ мамандары мәлім етуде.

Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының өкілдері аштықтан басқа, бұл аймақтарды түрлі эпидемиялар жайлауы мүмкін дейді. Бұдан бөлек, Оңтүстік Африка Республикасында құрғақшылықтың салдарынан мал жаппай қырылып жатыр.

Ал, елдің ең ірі қаласы Йоханнесбургтың тұрғындары тапшылыққа байланысты суды үнемдеуге мәжбүр.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу