Қарағандыда жеке тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігі тексерілді

02.10.2020

Қарағанды облысының төтенше жағдай қызметкерлері тамыздан бастап 7300 үйді аралап, тұрғындарға жылыту маусымы қарсаңында қауіпсіздік ережелерін түсіндірген. Рейд барысында кейбір тұрғындардың сұрауы бойынша пештің көмейі мен мұржасын тазалап, улы газдан сақтандыратын дабыл құрылғысын тегін орнатты. Мұндай көмек 145 отбасыға жасалған. 

Ал 2018 жылдан бастап облыстағы 2 мыңнан астам үйге осындай құрылғылар қойылған. Айта кету керек, осындай әлеуметтік жобалар мен рейдтік шаралардың арқасында тұрғын үйлердегі өрт биыл 17 процентке азайған.

Сейсенбай Досмағанбетов, қала тұрғыны:
Әлеуметтік қорғау орталығына хабарластық. Өте жақсы. Келіп пештерді , мұржамызды тазалап берді. Сосын мына улы газдан қорғайтын құрылғыны қойып берді. Ризамыз енді. Біз сияқты үлкен кісілерге көмектескендеріне рахмет!

Руслан Нұрланұлы

өрт қауіпсіздігі Қарағанды Рейд

Хабарламаларға жазылу