Қызылорда облысында бір айда 78 өрт оқиғасы тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында бір айда 78 өрт оқиғасы тіркелді

24.11.2021

Қызылорда облысында бір айда 78 өрт оқиғасы тіркеліп, тілсіз жаудан екі адам қаза тапты. Қайғылы жағдай қаладағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған.

Мамандардың айтуынша, өртке көбіне үйдегі пештерден шығатын ақау себеп. Тұрғындар, әсіресе, газ құрылғыларын пайдалануда қауіпсіздік талаптарын сақтамайды. Оқыс жағдайлар түгел жер үйлерде болған. Соңғы жылдары облыстағы 4 мыңға жуық жеке тұрғын үйге көмірқышқыл газын анықтайтын арнайы құрылғы орнатылған. Десе де, өрт азаяр емес.

Руслан Қайрақбаев, облыстық ТЖД бастығы: 
Өткен жылмен салыстырғанда осы кезеңде 21 пайызға көбейді. Материалдық шығын 1 млн 595 мың теңгені құрап отыр. Өрт оқиғасынан жарақат алғандар жоқ. Алайда екі адам жақын арада қаза болды.


Хабарламаларға жазылу