Атырауда пайдалануға берілген көпқабатты бірнеше үйдің тұрғындары көгілдір отынсыз отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда пайдалануға берілген көпқабатты бірнеше үйдің тұрғындары көгілдір отынсыз отыр

30.10.2015
Атырауда пайдалануға берілген көпқабатты бірнеше үйдің тұрғындары көгілдір отынсыз отыр
Атырау қаласының Бейбарыс көшесіндегі бірнеше көпқабатты жаңа үйлердің пайдалануға берілгеніне төрт ай өтседе тұрғындар көгілдір отынсыз күн көруде.

Жүзден астам отбасы күнделікті тамағын амалдап электр плиталарымен әзірлеп алуға мәжбүр. Олардың бұл әрекеті өрт қауіпсіздігі ережелеріне қарама-қайшы көрінеді.

Тұрғындардың айтуынша, құрылыс мекемесі тұрғын үйлерді тапсыруға қажетті құжаттарды толықтай реттемей тұрып, пәтер кілттерін асығыс табыстаған. Соның салдарынан шала жұмыстар шашетектен.

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу