Ресейде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамағандарға жаза күшейтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамағандарға жаза күшейтіледі

27.02.2024

Ресейде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаған 300 мыңнан астам дерек тіркелді. Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпсіздік талаптарына немқұрайлы қарағандарға жазаны күшейтпек.


Яғни, айыппұл көлемі 30 мың рубльге дейін өседі. Бірнеше рет заң бұзған заңды және жеке тұлғалар бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар, ғимараттардың өрт қауіпсіздігі тексеріліп, 20 мыңға жуық іс прокуратураға жолданды. Өткен жылы Ресейде 350 мың өрт оқиғасы тіркелген, оның 85 пайызы жеке тұрғын үйлерде болған.

 Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу