Алматыда шаруашылық құрылыс нысаны өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда шаруашылық құрылыс нысаны өртенді

18.10.2021

Алматыда "Жастар" тұрғын үй кешені маңындағы құрылыс нысанынан өрт шықты. Отқа оранған ғимараттан 4 газ баллоны шығарылды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, түскі сағат 15:00 шамасында Алмалы ауданындағы Қожамқұлов көшесіндегі нысанда өрт шыққаны туралы ақпарат түскен. Қызыл жалынның жеке тұрғын үйлерге таралу қаупі болған. 25 литрлік баллондарды өрт сөндірушілер қауіпсіз аумаққа шығарып үлгерді. Полиция қызметкерлері тұрғындардың қауіпсіздігі үшін көшені қоршауға алды. Қызыл жалын 100 шаршы метрдей аумақты шарпыған. Өрт 1 сағатқа жуық уақытта толық сөндірілді. 


Хабарламаларға жазылу