Елбасы праймериздегі онлайн дауыс беруге қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы праймериздегі онлайн дауыс беруге қатысты

02.10.2020

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев праймериздегі онлайн дауыс беруге қатысты. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Twitter-дегі парақшасында жазды. Айдос Үкібайдың айтуынша «Nur Otan» партиясының төрағасы іріктеуге қатысушылардың үгіт-насихат жұмыстарын және қоғамдық пікірталастарды мұқият бақылаған. Әрі онда партия жұмысын жандандыруға қатысты маңызды ұсыныстар айтылған. Осыған айырықша тоқталған ол, барлық партия мүшелерін дауыс беруге қатысуға шақырды.

Досжан Маратұлы

праймериз Елбасы

Хабарламаларға жазылу