«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Онлайн дауыс» байқауының 2-ші кезеңі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Онлайн дауыс» байқауының 2-ші кезеңі басталды

12.11.2015
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Онлайн дауыс» байқауының 2-ші кезеңі басталды

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында 30 қазан мен 11 қараша аралығында «Онлайн дауыс» байқауының 1-ші кезеңі өтті. Оның қорытындысы бойынша 36 үміткер іріктелді.

Енді 12-15 қараша аралығына байқаудың дауыс беру кезеңі өтеді. Үміткерлерді қолдау үшін onlinedauys.kaztrk.kz сайтында дауыс беруге болады.

Байқау жеңімпазы 17 қарашада анықталады. «Онлайн дауыс» байқауының жеңімпазы бағалы сыйлықтармен марапатталып, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы өзі таңдаған бағдарламаға қонақ ретінде қатысады.

 

Бағыңды сына!  Онлайн бол!

Хабарламаларға жазылу