Сенат сайлауы: Орталық сайлау комиссиясы алдын ала нәтижелерді жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат сайлауы: Орталық сайлау комиссиясы алдын ала нәтижелерді жариялады

14.01.2023

Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенаты сайлауының алдын ала нәтижелерін жариялады. Саяси науқанда кандидат ретінде 55 адам тіркелген. Олардың ішінен таңдалғандардың тізімі де жарияланды. Ең көп үміткер Алматы облысынан ұсынылған. Астана мен Шымкент қаласында 3, қалған өңірлерде 2 кандидат тіркелді. Дауыс беруге жалпы саны 3167 мәслихат депутаты қатысты. Нәтижесінде 20 өңір бір-бірден сенат депутатын таңдады. Сегізінші шақырылымда 4 депутат қайта сайланды. Ол - Алматы, Жетісу, Ұлытау облысы мен Шымкент қаласынан сайланған депутаттар. Сондай-ақ, жаңа құрамда үш әйел бар. Орталық сайлау комиссиясы саяси науқанды онлайн сервис арқылы бақылады.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу