ЖОО түлектері мемлекеттік грантты 3 жыл жұмыспен өтейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЖОО түлектері мемлекеттік грантты 3 жыл жұмыспен өтейді

30.09.2020
ЖОО түлектері мемлекеттік грантты 3 жыл жұмыспен өтейді

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасы ҚР Еңбек кодексі нормаларына бірқатар түзетулер енгізуге, білім сапасын арттыруға, ЖОО түлектерінің мемлекеттік грантты өтеу мәселесін шешуге негізделген. 

«Білім беру саласындағы уәкілетті органға Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, бөлу қағидаларын бекіту бойынша құзырет беру арқылы шешу ұсынылады.  Мәселен, ТжКБ жүйесінде кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырыс жұмыспен қамту органдарының, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының ұсыныстары негізінде өңірлік еңбек нарығының қажеттіліктері ескеріле отырып орналастырылады. Бүгінде мемлекеттік білім беру тапсырысының қалыптасу мәселесі көзделмеген. Ұсынылып отырған түзету мемлекеттік тапсырысты орналастыру және оны беру кезінде сыбайлас жемқорлықтың ыңпалын төмендетуге мүмкіндік береді. ЖОО түлектері мемлекеттік білім беру тапсырысында оқу ұзақтығына пропорционалды түрде еңбекпен өтеу мерзімін белгілеу арқылы шешу ұсынылады», - деді депутат Әбдіманап Бектұрғанов.

Осылайша түлектер мемлекеттік грантты 3 жыл мерзімде жұмыспен өтейтін болады. Ал білім алушылар ішінара, яғни бір бөлігін ақылы негізде – мемлекеттік бюджет есебінен оқу кезеңіне мөлшерлес өтейді.

Сонымен қатар халықаралық тәжірибені ескере отырып, білім беру ұйымдарын сыртқы бағалау тетігін жетілдіру мәселесі де қаралды. Бұл білім алушылардың білім сапасын арттыруға мүмкіндік бермек.

«Заң жобасын қабылдау білім беру процесін жетілдіру, оның ішінде кәсіби кадрларды даярлау және оларды одан әрі жұмысқа орналастыру үшін барлық қажетті жағдайларды жасайды деп санаймыз», - деді Бектұрғанов.

Айта кетейік, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы палата қарауына биылғы сәуірде енген. 

Хабарламаларға жазылу