Әзірбайжан мен Арменияда соғыс жағдайы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әзірбайжан мен Арменияда соғыс жағдайы жарияланды

28.09.2020

Жексенбі күні Таулы Қарабақта қарулы қақтығыс болып, 16 жауынгер мен бірнеше бейбіт тұрғын қаза тапты. Тағы 100-ден астамы жараланған. 

Армения Әзірбайжанның 4 тікұшағы мен 33 танкісін жойғанын хабарлады. Бірақ Баку мұны жоққа шығарып, Таулы Қарабақта жеті ауылды басып алғанын жеткізді. 

Армения мұны растамаса да, бірнеше позициясынан айырылғанын мәлімдеп, армия қатарына резервтегілерді шақырып жатыр. 

Кешелі бері екі жақ жанжалдың басталуына бірін-бірі айыптап отыр. Енді ресми Ереван аймақтағы ахуалды шешуге халықаралық қауымдастықты араласуға шақырды.   

Ильхам Әлиев, Әзірбайжан президенті:
Бүгін таңертең Арменияның қарулы күштері ауыр артиллеррияны пайдаланып, елді мекендеріміз бен әскери позицияларымызға оқ жаудырды. Жаудың шабуылынан бейбіт халық пен әскери персонал арасында адамдар құрбандар болды. 
Никол Пашинян, Армения премьер-министрі:
Мен ОБСЕ-нің Минск тобына кіретін елдердің және тұтас халықаралық қауымдастықтың назарын жағдайдың қиындығына аударғым келеді. Оңтүстік Кавказда басталайын деп тұрған кең ауқымды соғыс адам сенгісіз зардап әкелуі мүмкін.  

Бұған қатысты Қазақстанның Cыртқы істер министрлігі де ұстанымын білдіріп, Әзірбайжан мен Арменияны күш қолданудан бас тартуға шақырды. Сондай-ақ еліміздегі әзербайжандар қауымдастығы Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан мәлімдеме жасап, қақтығысты тоқтатып, шиеліністі ушықтырмай, бейбіт келіссөздер арқылы шешуге шақырды.

Хабарламаларға жазылу