Таулы Қарабақтағы қақтығыс: Пашинянның жалғыз ұлы ұрыс аймағына аттанды

01.10.2020
Таулы Қарабақтағы қақтығыс: Пашинянның жалғыз ұлы ұрыс аймағына аттанды

Армения премьер-министрі Никол Пашинянның ұлы Таулы Қарабаққа аттанды. Бұл туралы премьердің жары Анна Акопян мәлімдеді.

Ашот Пашинян қазір ұрыс аймағында жүргенімен, шайқастарға әзірге қатыспаған. 

Бұған дейін шетелдік БАҚ-та Түркияның жеке әскери компаниялары үкімет қолдауымен Әзірбайжан жағында Қарабақтағы ұрыстарға Сирия жалдамалыларын тартып жатқаны хабарланған еді. Олардың міндеті алғашқыда жекелеген пункттерді қорғау болған. Алайда соңында қарулы қақтығыстарға тартылған.

Еске сала кетейік, 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізіліп, Арменияның министрлер кабинеті елде әскери жағдай және жаппай мобилизация жариялады. Өйткені Әзірбайжан қорғаныс министрлігі Қарабақтағы елді мекендерге оқ жаудырған. Екі жақ жанжалдың басталуына бірін-бірі айыптап отыр. 

Дереккөз: Sputnik Армения, Фото: eadaily.com

Таулы Қарабақ Армения Әзірбайжан

Хабарламаларға жазылу