Австралияда теңіз жағасына шығып қалған 88 кит құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда теңіз жағасына шығып қалған 88 кит құтқарылды

25.09.2020

Австралияның Тасмания штатының жағалауынан табылған 500-ге жуық киттің 88-і құтқарылды. Мұны «Ассошиэйтед Пресс» агенттігі хабарлап отыр. Дегенмен өзге бір мәліметтерге қарағанда, алып жануарлардың көпшілігі өліп қалған. Пилот-киттер неліктен жағалауға секіреді? Бұл сауалдың жауабы әзірге жұмбақ күйінде қалып отыр. Дегенмен кей ғалымдардың пікірінше, киттер навигациялық қателік жасап немесе аштықтан мұхит жағалауына шығып қалған болуы мүмкін.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу