Бразилияның Бузиос курорттық қаласында  жағалауға шығып қалған кит құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияның Бузиос курорттық қаласында  жағалауға шығып қалған кит құтқарылды

25.08.2017

Бразилияның Бузиос курорттық қаласында туристер жағалауға шығып қалған жас китті күш жұмылдырып құтқарды. Шыжыған күннің астында денесі кеуіп қалмас үшін еріктілер оның үстіне су құйып, терісін құмнан тазартты.

Кейбіреулері алып жануардың тынысы тарыла бастағанын байқаған. Дегенмен, ол кемеге тіркелген арқанмен аман-есен теңізге қайта оралды. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу