«Ананың ақ сүті» атты қойылым сахналанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ананың ақ сүті» атты қойылым сахналанды

16.09.2020

Ақтау қаласында «Ананың ақ сүті» атты спектакль қойылды. Ондағы рольдерді «Ақ жол» партиясы облыстық филиалы жастар қанатының актерлері сомдады. Мұндағы мақсат - ата-ананы қадірлеу, жастардың теріс ағымның жетегінде кетуіне жол бермеу, жат қылықтан бойды аулақ ұстаудың маңыздылығын көрерменге жеткізу. Қойылымның көздегені сол -халқын қастерлеп, еліне адал қызмет ететін ұрпақты тәрбиелеуде рухани құндылықтардың мәні зор екендігіне тағы бір мәрте назар аудару.    

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу