Гогольдің атақты «Ревизор» қойылымы Алматының әуежайында сахналанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гогольдің атақты «Ревизор» қойылымы Алматының әуежайында сахналанды

28.03.2016
Гогольдің атақты «Ревизор» қойылымы Алматының әуежайында сахналанды

Гогольдің атақты «Ревизор» атты шығармасы негізінде қойылған қойылым халықаралық әуежайда сахналанды, деп хабарлады www.almaty.tv/kz.

Бұл шара театр күніне орай ұйымдастырылған. Басында таңырқаған жұрт спектакльді қуана қарсы алды. Рухани ләззат сыйлағандардың қатарында елімізге еңбегі сіңген әртістер де бар.

«Біз сахнадан тыс алғаш рет жұмыс істеп отырмыз. Бұл бір керемет ой болды. Бір жағынан шыңдаламыз, екінші жағынан атақты қойылымды ерекше жерде сахналап отырмыз. Меніңше, барлығы жақсы өткен секілді. Жаз айында әртістеріміз еліміздің барлық аймағына баруды жоспарлап отыр»,- деді ҚР Еңбек сіңірген әртісі  Владимир Толоконников.

Атақты жазушы Гогольдің шығармасы да кездейсоқ алынбаған. Ұйымдастырушылардың айтуынша,  көрерменге әлеуметтік мәселе қызық. Алдағы уақытта Лермонтов театры Қазақстанның барлық аймақтарын аралап, халықты қуантпақ ниетте.

Хабарламаларға жазылу