Астана театрында алғаш рет ағылшын тілінде қойылым сахналанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана театрында алғаш рет ағылшын тілінде қойылым сахналанды

01.10.2014
Астана театрында алғаш рет ағылшын тілінде қойылым сахналанды

Астанадағы Қазақ музыкалық-драма театрында алғаш рет ағылшын тілінде қойылым сахналанды.

Мұндай тамаша мүмкіндікті елордалықтарға Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттері берді.

«Шаңырақ» деп аталатын жоғары оқу орнының театры осыдан 4 жыл бұрын құрылған еді. Бүгінде оның репертуарында 20-ға жуық қойылым бар.

Осы жолы студенттер белгілі драматург Жолтай Жұматтың «Мұңмен алысқан адам» атты драмасына тоқталған. Бұл туынды туған жерге деген махаббат жайында.

Сюжетте тағдырдың тәлкегімен ХХ ғасырдың 30-шы жылдары шетел асқан қазақ баласының сағынышы баяндалады.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу