Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 29,5 миллионнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 29,5 миллионнан асты

16.09.2020

Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 5 миллионнан асып кетті. Осылайша бұл мемлекет COVID-19 диагнозы қойылған пациенттер саны жағынан АҚШ-тан кейінгі ІІ орынға шығып отыр. 

Соңғы бес тәулікте күніне кемінде 90 мыңдай үндістандықтан коронавирус табылып отыр. Ал қайтыс болғандар 80 мыңнан асып кетті. 

«Рейтер» агенттігінің дерегінше, жер шарында бүгінге дейін коронавирусты 29,5 миллионнан астам адам жұқтырып, 932 мыңға жуығы осы инфекциямен байланысты аурулардан жан тәсілім еткен.

 Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу