Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан жаһанның 130 мемлекетімен дипломатиялық байланыс орнатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан жаһанның 130 мемлекетімен дипломатиялық байланыс орнатты

18.12.2016
Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан жаһанның 130 мемлекетімен дипломатиялық байланыс орнатты

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Елбасы атына әлемнің әр шалғайынан құттықтаулар келді. 

Тәуелсіздік алған 1991-ші жылдан бастап, Қазақстан жаһанның 130 мемлекетімен дипломатиялық байланыс орнатты. Бұл бағытта біздің ел сыртқы саясатта белсенділігімен, тепе-теңдікке ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен, көпжақты ынтымақ орнатуға деген ықыласымен биік беделге ие болды. 

Әрі елі мен жері тыныш мемлекетке инвесторлардың да ағылатыны заңдылық. Қаржысы мол елдер мен ірі трансұлттық корпорациялардың Қазақстанға бүйрегін бұрып тұратыны содан. 

Есігін тарс жауып, томаға-тұйық жатпай, көпвекторлы саясат ұстану нәтижесінде әлемдік алып елдер – АҚШ, Қытай, Ресей, ЕуроОдақтың, Орталық Азия мемлекеттерінің, Ислам әлемінің сенімді стратегиялық серігіне айналды. 

Қазақ елінің қуанышына олар да ортақтасты. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Елбасы атына әлемнің әр шалғайынан құттықтаулар келді. 

Айбек ҚОБДАБАЙ

Хабарламаларға жазылу