«Астана» халықаралық қаржы орталығы Әмірліктердің басты қаржы институттарымен байланыс орнатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Әмірліктердің басты қаржы институттарымен байланыс орнатты

18.01.2023

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Әмірліктердің басты қаржы институттарымен байланыс орнатты. Екі елдің іскер топтары арасында қарым-қатынас нығаяды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ вице-президентімен кездесуде мәлімдеді. Қазақстан Президенті Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға қонақжайлық көрсеткені үшін алғыс айтып, Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған ресми сапары аясында нәтижелі келіссөз жүргізілгенін атап өтті. Сонымен бірге екі ел арасында маңызды екіжақты келісімдерге қол жеткізілгенін айтты. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ вице-президенті, премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Бүгін Президенттің Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аяқталды.

Хабарламаларға жазылу