Қырғызстанда таудан алапат көшкін жүріп, жолды басып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанда таудан алапат көшкін жүріп, жолды басып қалды

15.09.2020

Қыркүйектің 17-де Қырғызстан мен Қазақстан арасында әуе рейстері жанданбақ. Сол күні Алматы-Бішкек-Алматы авиациялық сапары орындалады. Және де мұндай рейстер аптасына екі рет жасалмақ.

Қырғыз елінен тағы бір жаңалық. Ірі көмір кеніштерінің бірінің жанында алапат көшкін болды. Салдарынан Дыйкан-Кара-Кече автотрассасы тас пен құмның астында қалды. Апаттан қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ. Дегенмен, электр сымдары үзіліп, жол мен өзен көшкіннен бөгеліп қалған.


Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу