Гавайда вулкан лавасы көшені басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гавайда вулкан лавасы көшені басты

28.05.2018

Гавайда вулканның магмасынан балқыған тастар көшелерді басып жатыр. Соңғы мәліметке жүгінсек, 80-нен астам нысан жойылды. Олардың қатарында үйлер де бар. Болжамдарға қарағанда, таудан жеткен отты көшкін әлі талай баспананы қиратады.

Осыны ескере отырып, үкімет тұрғындарға қауіпсіз жерге қашуға кеңес берді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2 мыңдай адам үйлерін тастап кеткен.

Килауэа жанартауы мамырдың 3-де болған жер сілкінісінен кейін атқылай бастады.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу