ШҚО-да қар көшкінінен туристің қаза табуына байланысты арнайы комиссия құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да қар көшкінінен туристің қаза табуына байланысты арнайы комиссия құрылды

12.02.2021

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні кезінде туристің қаза табуына байланысты арнайы комиссия құрылды. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қазір мамандар қар көшкіні болған аймақта жұмыс істеп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, осыдан 2 күн бұрын 6 саяхатшы Риддер қаласының маңындағы тауда сырғанап жүргенде кенеттен көшкін жүріп, біреуін қар басып қалған болатын. Оқиға болған жерге құтқарушылар мен волонтерлар қалың қарда қия беткеймен әрең жеткен. 35 шақырымдай жүріп өткен құтқарушылар таудан кеше түс ауа көз жұмған адамның денесін алып түскен. 

Берік Көшербай

                                                          

Хабарламаларға жазылу