Италияның Абруццо аймағында қонақ үйді қар басып, көптеген адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияның Абруццо аймағында қонақ үйді қар басып, көптеген адам қаза тапты

19.01.2017
Италияның Абруццо аймағында таудан көшкен қар қонақ үйді басып қалып, көптеген адам қаза тапты. Болжамдарға қарағанда, ғимараттың ішінде 30 шақты адам болған. Құтқарушылардың сөзінше, көшкін салдарынан ғимараттың төбесі құлады. Ал, құтқару операциясына жолдағы қалың қар кедергі келтірсе де, екі адам үйінділер астынан шығарылған. Қайғылы оқиғаға Италияның орталығында болған зілзала себепші деген болжам бар.


Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу