Алматы тауларында жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы тауларында жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

12.02.2021

Алматы тауларында жоғалып кеткен ер адамның денесі бүгін сағат 14.30-да табылды.Кеше түс ауа 81 жылғы азаматтың Шымбұлақ шыңына көтеріліп, бағдарды жоғалтқаны және өз бетімен түсе алмайтындығы туралы хабарлама келіп түскен. Дереу іздеу жұмыстарына кіріскен құтқарушылар мен кинологтар дронның көмегімен адамның құлаған ізін тапты.Көшкін қаупіне қарамастан қазір мәйітті тасымалдау жұмыстары жүргізілуде. 

Ал Шығыс Қазақстанда қар көшкіні кезінде туристің қаза табуына байланысты арнайы комиссия құрылды. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қазір мамандар қар көшкіні болған аймақта жұмыс істеп жатыр.  

Естеріңізге сала кетейік, осыдан 2 күн бұрын 6 саяхатшы Риддер қаласының маңындағы тауда сырғанап жүргенде кенеттен көшкін жүріп, біреуін қар басып қалған болатын. Оқиға болған жерге құтқарушылар мен волонтерлар қалың қарда қия беткеймен әрең жеткен. 35 шақырымдай жүріп өткен құтқарушылар таудан кеше түс ауа көз жұмған адамның денесін алып түскен. 


 

Хабарламаларға жазылу