Грекияда мигранттар лагері өртеніп, 13 мың босқын далада қалды
Грекияның Лесбос аралындағы ең үлкен мигранттар лагерінде екі алапат өрт болды. Соның салдарынан 13 мыңдай босқын далада қалды.
Жүздеген бала эвакуацияланып, тағы 400-дей жеткіншекті қауіпсіз жерге көшіру жоспарланып отыр. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Апат лагерде коронавирус жұқтырған 35 адам анықталған соң басталды. Болжам бойынша, шатырларды қауіпсіздік шараларына көңілі толмаған мигранттардың өздері өртеп жіберген. Қазір ел билігі босқындарды орналастыру үшін Еуропа елдерінен көмек сұрап отыр.
Жансая Қапасқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу облысына 120 дәрігер қажет
21.08.2026, 13:20
5 мыңдай науқас донор күтіп жүр
21.08.2026, 13:17
Әскери қызметшілер бітімгерлік миссияларға дайындалып жатыр
21.08.2026, 13:15
Вашингтон Тегеранға «тарихтағы ең қатаң санкция» жарияламақ
21.08.2026, 13:12
Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам бар
21.08.2026, 13:09
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай жүйелі өзгерістерге жол ашады
21.08.2026, 13:06
Халықаралық байқаушылар сайлауға дайындық барысымен танысты
21.08.2026, 13:03
Құрылтай сайлауы: Қалай дауыс беруге болады?
21.08.2026, 13:00