Ресейде оқитын қазақстандық студенттердің мәселесі бір айда шешілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде оқитын қазақстандық студенттердің мәселесі бір айда шешілуі мүмкін

09.09.2020

Ресейде оқитын қазақстандық студенттердің мәселесі бір айда шешіліп, елге кіруге рұқсат алуы мүмкін. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді. Оның айтуынша, көрші елдің Сыртқы істер және білім министрліктері мәселені талқылап, ортақ шешімге келген. Бүгін Мәскеуде Қазақстан мен Ресейдің Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті. Онда өзара әріптестік мәселелері талқыланып, Көкшетауда өтетін Аймақаралық ынтымақтастық форумының күн тәртібі талқыланды. 

Сонымен қатар қазақстанның Астраханьдағы, Ресейдің Оралдағы консулдықтарының мәртебесін арттыру туралы келісімге қол қойылды.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу