Министрлік пен екі агенттік құру туралы Президент Жарлығы шықты
Мемлекет басшының жаңа министрлік пен қос агенттік құру туралы Жарлығы жарық көрді. Оған сәйкес мемлекеттік органдар қатарына Төтенше жағдайлар министрлігі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттіктері қосылды.
Қайта құрылатын Төтенше жағдайлар министрлігіне табиғи және техногенді апаттардың алдын алу және жою, азаматтық қорғаныс, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету құзыреті берілді.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік жоспарлау және статистика жүргізу міндеттері беріледі. Ал Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тауарлар нарығындағы бәсекелестікті қадағалап, монополия саласын реттеуі тиіс.
Азамат Алдоңғар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18