Ақтөбеде бұралқы иттер ауланып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде бұралқы иттер ауланып жатыр

11.06.2022

Ақтөбеде 12 жастағы баланың қазасынан кейін сол аумақтағы бұралқы иттер аулана бастады. Оқиға болған «Есет батыр» ауданының тұрғындары әкімдікке барып тез арада мәселені шешуді талап еткен еді.

Әкімдікте өткен шұғыл жиынға балаларының қауіпсіздігіне алаңдаған ондаған ата-ана жиналды. Облыс әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов тез арада шара қолданылатынын айтты. Болған оқиғадан соң жауапкершілікті сезініп, қажет болса қызметін тапсыруға да дайынмын, деді. Кеше түстен бастап Есет батыр ауданындағы қаңғыбас иттер ауланды. Бүгін бұл маңнан біз иесіз жүрген төрт аяқтыларды көре алмадық. Дегенмен, қаланың басқа бөлігінде жүрген ит көп.Тіпті, облыс әкімдігінің алдында топ боп жүргенін тұрғындардың бірі кеше желіге жүктеген еді. Соңғы оқиғалардан шошып қалған халық, тек бір ауданның емес, бүкіл қаладағы иттер түгел атылсын деп талап қойып отыр.


Хабарламаларға жазылу