Депутаттар талабы: Жолдағы қауіпсіздікті күшейту керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар талабы: Жолдағы қауіпсіздікті күшейту керек

28.12.2022

Елде оқушыларды тасымалдау талабы сақталмайды. Салдарынан, апат көп. Бұл проблемаға бей-жай қарауға болмайды. Бүгін депутаттар осылай деп дабыл қағып, мәселені шұғыл шешуді талап етті. Өйткені жақында ғана, Ақтөбеде волейболшылар командасы жол апатына ұшырап, жасөспірім қыз көз жұмды. Мұндай оқиға аз емес. Ал бұған көбіне салғырттық себеп. Балаларды тасымалдайтын көліктер талапқа сай емес, іс-шараны ұйымдастырушылар немқұрайлық танытады. Сондықтан, депутаттар жолдағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді сұрап отыр.

Құдайберген Ержан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Оқушыларды, жасөспірімдерді тасымалдаудағы талаптар мүлдем орындалмай отыр деуге болады. Балалар тасымалдаудағы ережелерді қайта қарастырып мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтасыз ететін шараларды қатаңдатуды талап етеміз.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу