Президент Батыс Қазақстан облысындағы жол мәселесін тез арада шешуді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Батыс Қазақстан облысындағы жол мәселесін тез арада шешуді тапсырды

22.04.2022

Кінәлілер жауапқа тартылсын! Президент Үкімет пен Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне өңірдегі жол мәселесін тез арада шешуді тапсырды. Осыған дейін Батыс Қазақстан облысындағы күре жолдардың нашарлығына байланысты мәселе көтерілген. Қасым-Жомарт Тоқаев осы өңірдегі авто жолдардың 70 пайызының сапасы сын көтермейтінін 2019-да айтқан. Сол кезде Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарындағы жолдарды жөндеу жұмыстарын 2021 жылдың соңына дейін аяқтауға тапсырма берді. Бірақ мәселе әлі күнге дейін түбегейлі шешімін таппаған.

Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеден кешіккен. Қаржы мәселесінде де түйткілдер бар. Мемлекет басшысы Үкімет пен облыс әкімдігіне барлық қажетті шараны тез арада қабылдауды тапсырды. Ал тиісті жұмыстарды белгіленген мерзімде орындамағандар жауапқа тартылсын, деді.


Хабарламаларға жазылу