Қызылордалық шаруалар қауын егуге неге ынталы емес? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалық шаруалар қауын егуге неге ынталы емес?

06.09.2020

Журналист Қайнар Олжай: «Белорустар бой көрсетуге шыққан күннің өзінде бір түп гүлді таптамаса, біздің қазекең Тарбағатайдың шұғынығын, Сыр бойының қызылмиясын тамырымен жұлып, қап-қап етіп Қытай асыруды табыс көзі санайды», - деп жазды, әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Біз өз жеріміздегі дәрілік шөптерді әспеттеп, өзімізде дәрі шығара аламыз ба? Экологиялық сананың, тіпті мәдениеттің қандай екені жазда, жалған сөзге сенген жұрттың Ақмола облысындағы Көбейтұз көліне ағылып, онысымен қоймай, шелектеп тұз тасығанынан, көлдің ішіне көлікпен кіруге қысылмағандардан көрінді. Негізі, қоршаған ортаға қалай қарайтынымыздың деңгейі ылғи байқалады. Қорықшыларды мерт қылудан тайынбау, тағы бір мысал. Көліктің есігін ашып, шырт түкіретіндер туралы үндемедім. Барған жерін күл-қоқыс қылып тастап кететіндер жайлы да.  

Ал туған жер деген адамның бір тағаны емес пе?! Ол - тіпті үлкен үй!

 Қызылорда облысында еліміздің ешбір жерінде жоқ қауындар өседі. Дәмі... «Дәмі тіл үйіреді» деген теңеу жетпейді, торлама, әміре, күләбі деген сорттар - кейбір адамдардың балалық шағының символдары. Қауын пайдасы туралы бірер сөз. Оның құрамында А,С және В2 витаминдері, органикалық қышқылдар, микроэлементтер, әсіресе мырыш және темір бар. Қауын халық медицинасында бүйрек, асқазан ауруларына, жүректің жұмысын жақсартуға қолданылады. Қауын құрамында қанның құрылуында маңызды ролі бар фолий қышқылы және ішек флорасына пайдалы клетчатка кіреді. Сонымен қатар организмнен холистериннің шығуына қатысып, ас қорыту процесін жақсартады. 

Қызылорда облысындағы меншікті тілшіміз Әділбек Серікұлына жазушы Тынымбай Нұрмағамбетовтің «Қауынның иісі» деген әңгімесіндегідей сілекейді шұбыртатын репортаж жасауға тапсырма бергенбіз, олай шықпады - зиянкестерден зардап шегіп отырған шаруашылық туралы сюжет жасады.  

Хабарламаларға жазылу