Қызыл жалын 12 гектардан астам аумақты шарпыған. Оның 5 гектары - «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватынына тиесілі. Өрт 1 қыркүйек күні кешке тіркелді. Қызыл жалынның ошағы Атырау қаласынан шамамен 35 шақырым жерде орналасқан. Шығу себебі әлі белгісіз. Бүгінге дейін өртті сөндіру мүмкін болмады. Өйткені тілсіз жау шарпыған аумаққа апаратын жол жоқ. Айналдырған 3 күннің ішінде 2 гектардай аумақ жанып кетті. Өрттен жануарлар жапа шеккен жоқ. Барлау барысында өлекселері табылмаған. Жауаптылар, қызыл жалынды бүгін сөндіреміз деп отыр.
Рашид Біләлов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
- Адам бара алмайтын батпақты жерде болып жатқаны анықталды. Қазір басында 50-ге жуық қызметкер және 8 техника жұмылдырылып, өртті толықтай жоюға жұмыстанып жатыр.
Жандос Темірғали