Ж.Бекшин күзде эпидахуал күрделене түсуі мүмкін екенін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ж.Бекшин күзде эпидахуал күрделене түсуі мүмкін екенін айтты

27.08.2020

Күзде эпидахуал күрделене түсуі мүмкін. Бұл туралы Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады. Айтуынша, қазан, қараша айларында коронавирусқа тұмау қосылуы ықтимал. Сондықтан барлығына дайын болуымыз керек. Себебі қалада соңғы аптада жедел респираторлы вирустық инфекцияның 940 жағдайы тіркелген. «Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 26 процентке көп дейді», - бас санитар. 

Жандарбек Бекшин, қаланың мемлекеттік бас санитарлық дәрігері:

-Тұмау жыл сайын келетінін ескереміз. Сондықтан аурудың өршімеуіне бағытталған жұмыстарды жоспарлап отырмыз. Өткен жылдың қараша айынан бастап биылғы сәуір айына дейін 253 адам тұмау жұқтырған. Бұл өткен жылдағы осы уақыт аралығымен салыстырғында шамамен 50 адамға көп. Ал тұмаумен ауырғандардың 48 проценті - 14 жасқа дейінгі балалар. Сондықтан бұл балалар үшін қауіпті. Жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балалар оқшаулануы керек.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу