Өткен тəулікте коронавирустан 1509 адам жазылып шықты. Сөйтіп аурудан айыққандардың жалпы саны 92 мыңнан асты. Жұқтыру көрсеткіші де біртіндеп азайып келеді. Бір күнде 242 адамнан COVID-19 анықталса, коронавирус белгілері бар пневмонияны 666 адам жұқтырған. Осылайша қауіпті індеттің ілмегіне іліккендер 126 мыңнан асты. Өкінішке қарай, вирус пен вирусты пневмониядан қайтыс болғандар саны - 1745.