![Қазақстанда бір тәулікте 2 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/4/2/1617333725248.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирустан 12 адам көз жұмды. 2077 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 248931-ге жеттi.
Соңғы тәулікте 1034 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 221347. Қайтыс болғандар - 3072.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 26 095 адам ем қабылдап жатыр. 365 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 77 адам дертке шалдығып, 2 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 50695 адамға пневмония диагнозы қойылды. 48418 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 694.
Ал бүгінде ел бойынша КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны 139704-ке жетті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда бір тәулікте 2 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/138998/)