Қазақстанда 25 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

20.12.2020
Қазақстанда 25 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

Қазақстанда осы уақытта коронавирустан 25 350 адам (13 622 КВИ+ және 11 728 КВИ-) емделіп жатыр. Өткен тәулікте Қазақстанда 652 адамнан коронавирус табылды. Осылайша ел бойынша ковид жұқтырғандар саны 146584-ке жеттi. 130776 адам індеттен емделіп шықты. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, еліміздегі стационарларда 4 482 науқас жатыр, 20 868 адам амбулаториялық жағдайда ем қабылдап жатыр. Науқастар арасында 259 адамның жағдайы ауыр. Соның ішінде 38 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағаланып отыр. 37 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Сондай-ақ бір күнде 25 адам пневмонияға шалдыққан. Жалпы 1 тамыздан бері 44385 адамға коронавирус белгілері бар пневмония диагнозы қойылды. 32183 адам жазылып шықты.

Коронавирус пен пневмьниядан соңғы бір тәулікте 10 адам көз жұмды. COVID-19-дан қайтыс болғандар саны - 2186-ға, пневмониядан көз жұмғандар саны 474-ке жетті. 

коронавирус КВИ статистика пневмония

Хабарламаларға жазылу