Боранға байланысты Қазақстанның алты облысында жолдар жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Боранға байланысты Қазақстанның алты облысында жолдар жабылды

21.01.2015
Боранға байланысты Қазақстанның алты облысында жолдар жабылды

Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның алты облысында жолдар жабылды, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.

Осылайша Ақмола облысында боран салдарынан «Екатеринбург-Алматы» (856-917 км) а/ж, «Жезқазған-Петропавл» (377-440 км) а/ж учаскелерінде көліктің барлық түріне жол жабылды.  

Алматы облысында «Үшарал-Достық» (0-184 км) учаскесінде көліктің барлық түрінің қатынауына тыйым салынды.

Қарағанды облысында «Жезқазған-Петропавл» (130-240 км) а/ж, «Алматы-Екатеринбург» (1007-885 км Қарағанды қ.- Ақсу-Аюлы а.) а/ж учаскелерінде көліктің барлық түріне жол жабылды.  

Қостанай облысында «Жезқазған-Петропавл» (377-252 км) а/ж, «Арқалық-Торғай» (0-288 км) а/ж, «Әулиекөл-Жалдама» (54-257 км) а/ж  учаскелерінде көліктің барлық түріне жол жабылды.  

Павлодар облысында «Қызылорда-Павлодар» (1135-1205 км Шідерті кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) учаскесінде көліктің барлық түрінің қатынауына тыйым салынды.

Оңтүстік Қазақстан облысында «Қошқарата-Жарықпас-Бірлік» (77-142 км) учаскесінде көліктің барлық түрінің қатынауына тыйым салынды.

Хабарламаларға жазылу