Амина Қайырбекова мен Жанат Сайын мектеп оқушылары арасында шахматтан Әлем чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Амина Қайырбекова мен Жанат Сайын мектеп оқушылары арасында шахматтан Әлем чемпионы атанды

14.05.2015
Амина Қайырбекова мен Жанат Сайын мектеп оқушылары арасында шахматтан Әлем чемпионы атанды

 

Қазақстандық шахматшылар алтын медаль саны бойынша (2 алтын жүлде) командалық есепте 4-ші орын алса, ал жалпы медаль саны бойынша (барлығы 10 жүлде) 2-3 орын иеленді.

Амина Қайырбекова (Астана) мен Жанат Сайын (Орал) жарыстың алтын жүлдесін иеленіп, Әлем чемпионы атанды. Ал, Дениз Құрманалина (Алматы) мен Алдияр Ансат (Астана) жарыстың күміс жүлдесін ұтып алды. Сонымен қатар, Назерке Нұғали (Қызылорда), Қазыбек Нөгербек (Астана) мен Арыстанбек Оразаев (Ақтөбе) Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Осыған қоса, 18 қазақстандық мектеп оқушысы Әлем чемпионатының үздік 10 шахматшысы қатарына кірді.

Фото: worldschoolschess.com

 

Хабарламаларға жазылу