Биыл Қазақстан мектептер арасындағы шахматтан Әлем чемпионатына тұңғыш рет қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Қазақстан мектептер арасындағы шахматтан Әлем чемпионатына тұңғыш рет қатысады

02.05.2023

Биыл Қазақстан мектептер арасындағы Әлем чемпионатына тұңғыш рет қатысады. Халықаралық Шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович пен Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов, жалпы білім беретін мектептер арасында алғашқы әлем чемпионатын өткізу туралы шартқа қол қойды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай чемпионат әлемде алғаш рет өткізілмек. Оған әуесқой шахматшылар қатысады. Жарыс екі кезеңде өтеді. Ұлттық біріншіліктерден іріктелген мықтылар екінші кезеңде бақ сынау үшін тамыз айында Қазақстанға келеді. Қазірдің өзінде бұл турнирге әлемнің 50 елінен мектептегі әуесқойлар келетіні айтылып жүр.    

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу